Алматы облысында монша өртенді

Зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін түс қайта Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының тұрғындары арнамызға хабарласты. Олардың айтуынша, мектеп маңында өрт басталып, оқушылар эвакуацияланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындар хабарласа салысымен, оқиға орнына жеткенде мектеп емес, моншаның жанып жатқанын білдік. Ғимараттың шатыры түскі бірде жана бастаған. Хабар алған өрт сөндірушілер оқиға орнына лезде жетіп, сағат 16:00 шамасында 450 шаршы метрді қамтыған жалынды тоқтатып үлгерген. Сол себепті монша маңындағы нысандарға қауіп төнбеген.

Көп оқылған: Талғардағы қанды оқиға: полицейлер төбелестің қалай басталғанын бейнежазбадан көрсетті

"Келген сәтте 2 қабатты моншаның шатыры 460 шаршы метр көлемде жанғаны белгілі болды. Сағат  14:01-де жеке құрамның күшімен өрт оқшауланды,  ал сағат 16-35-те толық өшіріліді", – деді ТЖД Кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Әнуар Байділдаев.

Өртті Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері өшірді. Одан бөлек, 10 техника жұмылдырылды. Моншаның бірінші және екінші қабатына жалын жетпеген. Зардап шеккендер жоқ. Ал,өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Рүстем Айткәрім, Мейрам Исабеков

Оқи отырыңыз: Елордада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланды

Новости партнеров