«Әрең үлгердім»: елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағат жүрді (ВИДЕО)

«Әрең үлгердім»: елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағат жүрді (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Велосаяхатшы Мұхтар Фархадұлы Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Ерейментаудан таңғы сағат 10-да шыққан. Ол елордаға сайлаудың аяқталуына санаулы уақыттар қалғанда жетіпті, деп жазады sputniknews.kz.

Велосаяхатшы ұлттық академиялық кітапханадағы сайлау учаскесінде дауыс берген. Елорда тұрғыны сайлауға қатысу үшін жанталасқанын айтады.

«Педальді бар күшіммен бастым», - дейді Мұхтар Фархадұлы.

Ол Нұр-Сұлтанға жету үшін 150 шақырым жолды жүріп өткен.

«Мен велосаяхаттан келе жатырмын. Дауыс беруге әрең үлгердім. Негізі таңғы сағат 10:00-да жолға шықтым. Жолда велосипедтің ақаулары болды. Саяхатым қызықты өтті. Жаңбыр жауып, жел соқты. Дауыс беріп үлгердім. Сайлау аяқталуға санаулы минуттар қалғанда велосипедтің педалін бар күшіммен бастым. Әйтеуір, діттеген жеріме жеттім», - дейді елорда тұрғыны.

Новости партнеров