Таразда прокурор шелпекке қақалып қайтыс болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 маусымда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараз қаласы прокуратура бөлімінің аға прокуроры Сергей Налыгачев дүниеден озды. Болжам бойынша, ол жергілікті дәмханалардың бірінде шелпекке қақалып, артынша тұншығып өлген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 маусымда болған. Прокурор қайтыс болған дәмхананың әкімшісі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Налыгачев кафеге досымен бірге келді. Олар тапсырыс берген. Даяшы алдымен тек шелпек әкеліп үлгерген. Марқұмның досы оның тұншығып өлгенін айтты. Ал жедел жәрдем дәрігерлері келгенде ер адамның кім екенін анықтап, бір-екі күн бұрын инсультпен ауруханаға жатып, шыққанын айтты. Ем алмай, ауруханадан шығып кеткені айтылды», — дейді дәмхана әкімшілерінің бірі.

Сондай-ақ әкімші прокурорға досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағандықтан, өлді деген болжам айтты. 15 минуттан кейін жеткен жедел жәрдем қызметкерлері марқұмның өлі екенін растаған.

Жамбыл облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Налыгачев 20 жылдан астам прокуратурада түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Ол нағыз өз ісінің маманы болған. Өте мейірбан, жанашыр жақсы адам болған.

«Ол ұжым арасында үлкен құрметке ие болды», — деді ведомстводан.

Жамбыл облысының прокуратурасы отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұм прокурордың отбасына моральды және материалды қолдау көрсетуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойыны-2024: додаға дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр

Новости партнеров