|
12.07.2024 | 08:56
213

Жезқазғанда есірткі сатумен айналысқан такси жүргізушісі ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жезқазғанда есірткі сатумен айналысқан такси жүргізушісі ұсталды elements.envato.com

Ұлытау облысында есірткі заттарын сатумен айналысқан таксист ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады», — делінген хабарламада.

Автокөлік құралын тексеру кезінде полицейлер жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ заты бар он екі қағаз орамасын тауып алды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 52 грамнан асатын «гашиш» есірткісі болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді және өзінің негізгі еңбек қызметі кезінде есірткі таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Таразда прокурор шелпекке қақалып, қайтыс болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир