Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге "Халық қаһарманы" атағы берілді

© Sputnik / Тимур Батыршин
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын" - делінген Жарлықта.

Олар:

Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені.

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі.

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.

Новости партнеров