Оның ішінде Өскеменде - 5, Катонқарағай ауданында - 1
Шығыс Қазақстан облысында 6 адамды кене шақты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде адамды кене шағудың алғашқы жағдайлары тіркелді.
Сәуірде эпидемиялық маусым басталғалы бері облыстың эндемиялық аймақтарында 6 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде Өскеменде - 5, Катонқарағай ауданында - 1.
«Кене шаққан адамдар ауруханада дәрігерлерге қаралып, түгеліне профилактикалық мақсатта иммуноглобулин салынды. Қазіргі таңда айтақтағы медициналық ұйымдарда иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті», - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алды