Ойыннан от шықты: Атырауда 9 жастағы бала велосипедті өртеп жіберді

Almaty TV
Almaty TV

Жеткіншек сіріңкемен ойнаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ойыннан от шықты. Атырауда 9 жастағы бала сіріңкемен ойнап, дәліздегі велосипедті өртеп жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Лап еткен оттан шошынып қалған жеткіншек бірден үйден қаша жөнелген. Абырой болғанда, денсаулығына еш қауіп төнбеген. Ал оқиға орнына дереу жеткен қызметкерлер 10 минут ішінде өртті өшіріп үлгергеніпті. Қазір оқиғаның жәй-жапсарын полиция анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Құтқарушылар шақырту орнына жетіп, тұрғын үйдің дәлізінде тұрған велосипедтің жануын анықтады. Өрт 15:47-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Шақыртуға ТЖД 7 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды. Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймыз, – деді Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Гүлжанат Нарегеева.

Оқи отырыңыз: Ұшақтың есігін ашып жіберген жолаушы 10 млн теңге төлейтін болды

 

 

Новости партнеров