Атырау қаласының маңындағы Құрманғазы ауылының тұсында бір отбасының екі баласы Жайық өзеніне батып кетті. Бірінің мүрдесі табылды. Ал, екіншісін іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, екі жасөспірім бүгін, 1 тамызда түс мезгілінде өзенге батқан.
«Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 14:53-те хабар түсті. Атырау қаласына таяу орналасқан Құрманғазы ауылынан тұсында екі жасөспірім Жайық өзеніне суға түскен. Екеуі де – бір отбасының баласы. Оның бірі – 2017 жылғы ұл, екіншісі – 2015 жылы туған қыз», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Құтқарушылар оқиға жедел жетіп, іздестіру жұмысына кірісті. Өзенге батқан жасөспірімдерді іздестіруге 6 құтқарушы, 3 жүзу құралы тартылды. Департаменттің психологтері екі баласы суға батқан отбасына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
«Түс қайта сағат 16:20-да департаменттің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 7 жасар ұлдың мүрдесін тауып, жағалауға шығарды. Қазір 2015 жылғы қызды іздестіру жалғасып жатыр. Құтқарушыларға Полиция департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары көмекке келді», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында кәсіпкердің денесі табылды