Ақмола облысында кәсіпкердің денесі табылды
Almaty.tv
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы астаналық бизнесменге іздеу жарияланған. Полицейлер «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Тергеу жүргізіліп жатыр. Іс Астана қалалық Полиция департаментіне беріледі. Тергеу туралы толық ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Біләлова.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкер ұсталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31