Қазақстан-Ресей шекарасындағы қазіргі ахуал

atameken.kz
atameken.kz
Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан-Ресей шекарасында елге ағылып жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің шұғыл жасаған мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпарларынша, қазір 30 өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көліктердің ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс туындаған. Қос ел арасындағы жағдай ерекше бақылауда. Сондай-ақ ол қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуы барынша қамтамасыз етілетінін айтты. Көші-қон қызметінің хабарлауынша, мигранттардың Қазақстанда болу тәртібі заңмен реттеледі.

«Шекараны заңсыз өтуге, ел аумағында тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу тәртібін бұзуға байланысты кез келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолы кесіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Шетелдіктердің, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының заңдылықты сақтауын бақылау жүзеге асырылып жатыр», – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Ресми мәліметке сүйенсек, биыл Қазақстанға 4 млннан астам шетел азаматы табан тіресе, оның 1 млн 660 мыңы – ресейлік. Әлі күнге олардың елде болуы есепте тұр. Комитет өкілі  тиісті мерзiм аяқталғанда заңға сай шаралар қолданылатынын айтты. Оны бұзған жағдайда Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару, 5 жыл елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкция қарастырылған.




Новости партнеров