Мереке күндері мінсіз өтуі тиіс: Асқар Мамин Министрлер кабинеті мен облыс әкімдеріне ерекше тапсырма берді

Мереке күндері мінсіз өтуі тиіс: Асқар Мамин Министрлер кабинеті мен облыс әкімдеріне ерекше тапсырма берді
Үкімет басшысы әкімдер жылыту маусымын жеке бақылауда ұстауы керек деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Министрлер кабинеті мен облыс әкімдеріне осындай тапсырма берді. Әсіресе, Үкімет басшысы Ішкі істер министрлігіне күшейтілген режімде жұмыс істеп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Алдағы мереке күндері өңірлердің әкімдері барлық қызметтердің кезекшілік кестесін қатаң сақтауы қажет. Жылумен және электрмен жабдықтау тұрақты болуы керек. Алдын ала болжам бойынша, қаңтар айында қатты аяздар күтілуде. Сонықтан барлық параметрлер нормаларға сәйкес болуы тиіс. Әкімдер жылыту маусымын жеке бақылауда ұстауы керек. Энергетика министрлігіне жылу орталықтарындағы қазандықтар мен жағармай станциялардағы отын қорын бақылауды тапсырамын», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Новости партнеров