|
31.05.2023 | 09:17
1882

«Ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет»: Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы

Отыз бірінші мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

«Ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет»: Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы kapital.kz

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.

Оқи отырыңыз: Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир