Жұмыста көйлек киіп жүрген әйелдерге күніне 600 теңге сыйақы берілмек

Жұмыста көйлек киіп жүрген әйелдерге күніне 600 теңге сыйақы берілмек
Марафонға қатысатын кәсіпорын жұмысшылары көйлек киіп, суретін жұмыс берушіге жолдауы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Татарстанның «ТАТПРОФ» өндірістік компаниясы «нәзіктік марафонын» іске қосты, алдағы бір айдың ішінде жұмысқа белдемше мен көйлек киіп келген әйелдерге ақшалай сыйақы беріледі, деп жазды Sputnik.

Негізінен ер азаматтар жұмыс істейтін ұжымдағы әйелдерге белдемше мен көйлек киіп, қарапайым макияж жасап, шашын ретке келтіру ұсынылып отыр.

Нәзіктік үшін күніне 100 рубль (600 теңгеге жуық) ақшалай сыйақы төленеді.

«Говорит Москва» радиостанциясы хабарлағандай, «ТАТПРОФ» корпоративтік мәдениет және ішкі байланыс бөлімінің маманы Анастасия Кириллова бұл бастаманың кәсіпорын жұмысына реңк беру ниетінен туындағанын мәлімдеді.

«Біздің ұжымдағы қызметкерлердің 70%-і ер адам. Мұндай акциялар мен іс-шаралар бізге серпіліс жасауға көмектеседі. Бұл команданы біріктірудің таптырмас әдісі! Әйелдердің көбісі өндірісте шалбар киіп жүреді, сондықтан біздің акция оларға өздерінің нәзіктігі мен тартымдылығын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Қазір жаз, сондықтан мұндай марафон өткізу қисынды», - деп атап өтті Кириллова.

Айта кетерлігі, жұмыста шалбар киюге тыйым салынбайды.

«Нәзіктік марафоны» осы жылдың 27 мамыры мен 30 маусымы аралығында өтеді.

Новости партнеров