Абай облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысы Бородулиха ауданында өртенген үйден 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 26 тамызда түнгі уақытта Бородулиха ауданындағы жер үйде шыққан.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Үйді шарпыған өрт қосалқы ғимарат пен көлікке де жайылып кетті. Алдын ала дерек бойынша өртенген аумақ 400 шаршы метрді құраған», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар үй ішінен ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ол 34 жастағы үй иесі.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: ШҚО мен Алматы облысында 26 тонна шөп өртеніп кетті

Новости партнеров