Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды
baq.kz
Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды. Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр. Қаралы хабарды марқұмның жақындары растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34