Қостанай облысында жас босанған әйел қайтыс болды

Қостанай облысында жас босанған әйел қайтыс болды
Бұл туралы Қостанай облысы әкімі қатысқан денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген коллегиясында айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқиға Жангелді ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетовтің айтуынша, оқиға орталық аудандық ауруханада болған.

«Қазір тәуелсіз сарапшылар тексеру жүргізіп жатыр. Бір жарым аптадан кейін тексеру аяқталады. Сарапшылар барлық құжаттарды қарап шықты. Біз қазір олардың қорытындысын күтіп отырмыз. Медицина қызметкерінің кінәсі бар», - деді О.Бекмағамбетов.

Әкім бұл жағдайға бей-жай қарамай, істің мән-жайын анықтап, кінәлілерді жазалауды тапсырды.

«Жыл басынан бері бірінші рет ана өлімі тіркеліп тұр. Егер медицина қызметкерінің  кінәсі дәлелденсе, жұмысынан шығарамыз. Тексерудің нәтижесін маған баяндаңыз», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов О.Бекмағамбетовке.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұл оқиғадан кейін Акушерлік ісі, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары осы ауданның дәрігерлеріне семинар өткізгенін хабарлады.

Новости партнеров