Алматы облысында 14 жасар бала шлюзге ағып кетті
РЖҚЖ
Шамамен шомылып жүрген кезінде бала суға батып, кейіннен денесін құбырға тартып әкеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысында бір баланың суға кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылында бір топ жасөспірім су қоймасының ашық шлюзының маңайында шомылып жүрген.
Үйге қайтар уақытта олар бір баланың жоқ екенін байқаған.
Өз бетінше іздеп таппаған соң шлюзды жауып құтқарушыларды шақырған.
РЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларының жедел тобы оқиға орнына шығып іздеуді бастады.
Құтқарушылар шамамен батқан орнын анықтап тексергеннен кейін шлюзды ашу жөнінде шешім қабылдады.
Су жіберілгеннен кейін арнадан 2008 жылы туған баланың денесі табылды.
Шамамен шомылып жүрген кезінде бала суға батып, кейіннен денесін құбырға тартып әкеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20