Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды қайран қалдырды (видео)

Сүйікті жанураларының қанша жанталасқанымен суға батудың аз-ақ алдында қалғанын көрген әйел есі шығып, жылап жібереді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде Нью-Йоркте тұрып жатқан Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды таң қалдырды. Тимофей Юрьев иттерді құтқару үшін мұздай суық суға түскен.

Бұл туралы usa.one басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

9 наурызда Тимофей әйелімен бірге Иpвингтoн су қоймасының маңында итін серуендетіп жүрген. Осы кезде екі ит мұздың бетіне жүгіріп шыққан. Иттерді иесі шақырған кезде олар суға түсіп кетіпті. Сүйікті жанураларының қанша жанталасқанымен суға батудың аз-ақ алдында қалғанын көрген әйел есі шығып, жылап жібереді.

Осыны байқаған Тимофей сырт киімін шешіп, суық суға күмп беріпті. Оның артынан өзінің иті Кира да ілесіпті. Екеуі жағалауға қарай жол ашып, осылайша иттерге судан шығуға көмектескен. Болған жайтты Тимофейдің әйелі видеоға түсіріп алған.

Ер адамның өзі Қазақстанда дүниеге келіп, Сібірде өскенін айтады. Сондықтан суыққа, суық суға түсуге үйренгенмін, дейді.

Сонымен қатар Тимофейдің фридайвингпен айналысатыны белгілі болды. Ол аквалангсыз тереңде жүзеді.


Новости партнеров