Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген

стоп кадр
стоп кадр
Оқиға 27 тамызда Жандосов ауылында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, жерге сүйреген. Куәгерлер иттің шаршаған түрін видеоға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 тамызда Жандосов ауылында болған.

"Итті көллкке байлап, жерге сүйреген. Ит тұншығып қала жаздады. Ер адамды тоқтатып, итті босатуға мәжбүрледік. Адам емес. "Бастық осылай әкетуге бұйырды" дейді", - деп жазды видео авторы.

Алматы облысының полиция департаменті Қарасай ауданының полицейлері күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы) 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2024 жылы 443 мың теңге) айыппұл түрінде не түзеу жұмыстары түрінде, не қоғамдық жұмыстар түрінде 120 сағатқа дейінгі мерзімге не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жаза көздейді.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпқабатты үй өртеніп, 35 тұрғын эвакуацияланды

Новости партнеров