Алматы периметрі бойындағы блок-бекеттер алынып тасталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Блок-бекеттер жұмысына 700-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының периметрі бойындағы блок-бекеттер алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv  қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл түн ортасында қала периметрі бойынша орналасқан 27 блок бекеттің жұмысы тоқтатылды.  Естеріңізге сала кетейік, олар 19 наурыздан бастап елімізде жарияланған және Алматыда карантин енгізілген төтенше жағдай аясында жұмыс істей бастаған.

«Алғашқы күннен бастап әскери қызметшілер, Әкімдік қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері блок-бекеттерінде полициямен бірге қызмет етті. Алматыда карантин кезеңінде 2 мың 200-ден астам төтенше жағдайдың бұзылуы анықталды, олардың үштен бірі блок-бекеттерінде болды: полиция қызметкерлері карантиндік аймақтың шекараларын  рұқсатсыз өту-өткізу фактілерінің алдын алды. Құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, екі ауысымдық режимде жұмыс істеген 700-ге жуық полиция қызметкері блок-бекеттерінің жұмысына жұмылдырылды. Физикалық және моральдық ауыртпалықтарға қарамастан, бұл жауынгерлер өз міндеттерін абыроймен атқарып, короновирустық инфекциямен күресуде маңызды үлес қосты», - деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Блок-бекеттер сағат 00: 00-ден кейін алынып тасталды.  Осы мақсатта техника, манипуляторлар тартылды, тұрақты қызмет көрсету орындарындағы жеке құрам арнайы автобустармен тасымалданды.

Новости партнеров