Алматыда қоғамдық моншалар мен азық-түліктік емес базарлар қайта жұмысын бастайды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қалада жұмысқа 7,2 мың адам мен 900-ден астам нысан оралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде 1 маусымнан бастап СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмыстарын қайта бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

«Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол  талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б», - делінген хабарламада.

Бұдан әрі нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Сондай-ақ, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Жалпы алғанда, жұмысқа 7,2 мың адам мен 900-ден астам нысан оралады деп күтілуде.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.

Новости партнеров