1 тамызда Абай облысындағы орманда ірі өрт болды. "Семей орманы" резерватының аумағындағы өсімдіктер өртенді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1 тамызды Абай облысы "Семей Орманы" МОТР операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгелек орманшылығының аумағында орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
- Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында 7 га аумақтағы өрт оқшауланды. Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 60 адам, 25 техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді.
- Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында, - дейді мамандар.
ТЖМ мәліметінше, өрт кешке қарай толығымен сөндірілді.
Оқи отырыңыз:Атырауда бір отбасының екі баласы Жайыққа батып кетті