|
04.06.2020 | 09:52
12789

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран – Қазақстан Республикасының негізгі рәміздері

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні Валерия Бугаева/pavlodarnews.kz

Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін 28-ші рет атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран – Қазақстан Республикасының негізгі рәміздері. Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге жаңа Тәуелсіз мемлекет ретінде таныстырды. 

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.

Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 

Сондай-ақ 1992 жылы республикамыз Әнұранның әні мен мәтініне конкурс жариялады. Қазақстанның тұңғыш Әнұраны әнінің авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жатысынан халық арасында кең танымал болған патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Оның авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: baq.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир