Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі көлік өртенді
Cгенерировано ИИ
Әлеуметтік желіде автотұрақта жанып жатқан жеңіл көліктің бейнежазбасы тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі жеңіл көлік жанып кетті. Оқиға түнгі уақытта болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде автотұрақта жанып жатқан жеңіл көліктің бейнежазбасы тарады. Аталған жағдайға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
"03.09.24, 00:59-да өрт сөндірушілер Е.Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде 10 шаршы метр аумақты қамтыған 2 автокөліктің отқа оранғанын анықтап, өртті өшірді. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеді", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қарағанды тұрғыны әкімді сотқа берді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31