Алматы медициналық вуздың 24 жастағы студенті Данара Шайхина оңтүстік астанадан Талдықорған қаласына бара жатқан жолда жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды inAlmaty.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткенді 15 қазан күні ерлі-зайыптылар алып келе жатқан. Әйел адам кенеттен толғата бастады. Болашақ хирург, Асфендияров атындағы медициналық академиясының 7 курс студенті тайсалған жоқ.
Данараның сөзінше, ол Талдықорғанға үйіне кетіп бара жатқан, жолда ұйықтап қалған. Тек түнгі 23.00 шамасында айқай-шудан оянған. Сөйтсе көлікте жүкті әйелдің толғағы басталыпты. Көлікте қажетті заттардың кішігірім жиынтығы болған.
"Қорқынышты болды деп айту - аздық болар. Бірақ баланың басы көріне бастады, тездету керек болды", - деп есіне алды ару.
Ол өзін-өзі қолға алып, әйелді босандырып ала алды. Барлығы сәтті өтіп, дүниеге ұл бала келді. Ерлі-зайыптылар сәбидің атын есімді Данараға қойдыруды дұрыс деген шешімге келді. Студент-интерн нәрестені Әбдікәрім деп атады. Бойжеткеннің батыл әрекеті желіде талқылануда.