Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 16 ақпан күні кешкісін қалыңдығы қалада 18 см, ал таулы аймақтарда 90 см-ге жеткен қардың қалай тазаланып жатқанын өз көзімен көру үшін арнайы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында әкім коммуналдық қызметтер мен мердігерлердің жұмысын қадағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Онда Бақытжан Сағынтаев сілбі қардың кесірінен ағаштардың құлап, бұтақтары электр тарату желілерін зақымдап жатқанын байқағанын атап өтті
«Бұл өз кезегінде электр тарату жұмысына кедергі келтіріп, үйлер мен көшедегі жарық жүйесінде іркіліс тудыртуда. Кешқұрым көшелердегі жарықтың жоқтығына шағымданған тұрғындардан 200-ге жуық өтініш түсті. Оның салдарын жоюмен 80 электромонтерлер бригадасы айналысуда», – деді Алматы қаласының әкімі.
16 ақпан түнгі сағат 23.30-дағы мәлімет бойынша 93 жағдай қалыпқа келтірілген.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Асет Мукажанов (@asaiti)16 Фев 2020 в 10:04 PST