Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті

24.kz
24.kz
Оның басшысы – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы - Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы  – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.

Новости партнеров