Актер Алексей Булдаков 68 жасында қайтыс өмірден өтті, деп жазды «Амурская осень» театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов Instagram желісіндегі парақшасына.
Новожиловтың айтуынша, актер 3 сәуірге қараған түні 68 жасында Моңғолияда көз жұмған. Оның өліміне тромбтың үзіліп кетуі себеп болыпты.
«Моңғолияға турист ретінде барған. Бәрі түнде қонақүйде орын алған», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өлкесінің Макаров ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда өсіп, еңбек өтілін біздің елде бастады. Чехов атындағы Павлодар драма театрында театр студиясын бітірген (1969). Павлодар трактор зауытында жұмыс істеді.
1976 жылға дейін Павлодар, Томск, Рязань театрларында жұмыс істеді. 1982 жылға дейін - Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында қызмет етті.
Булдаков «Особенности национальной охоты» фильмінде генерал Иволгиннің рөлін сомдап, танымал бола түсті. Жалпы 150-ден аса фильмде түскен және бірнеше музыкалық альбом жазған.
Булдаков – «Ника» премиясының лауреаты. Ол РСФСР еңбегі сіңірген әртісі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының халық әртісі.