Маршруттық желілер оңтайландырылады
Қазіргі таңда маршруттық желілерді оңтайландыру, автобустар мен троллейбустар үшін толыққанды инфрақұрылым құру, сонымен қатар қарбалас уақытта қоғамдық көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Бағдаршамды қоғамдық көлікке басымдық беретіндей етіп жасаймыз. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін жабдықтаймыз. Көлемді әрі сыйымдылығы жоғары ұзын автобустарды бағытқа шығарамыз. Бұл жаяу жүргіншілер аймағын, тротуарларды толығымен өзгертеді, жаңа аялдамалар пайда болады. Жол тарылған жерде БРТ жолдың ортасымен өтеді, содан кейін ол шеткі жолақтармен де жүреді. 2024 жылдың екінші жартыжылдығында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, - деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейеді