|
15.04.2019 | 16:09
4279

«Jasyl Meken» акциясы аясында Алматыда 7 мыңдай ағаш отырғызылды (ФОТО)

Жалпы, жазға дейін 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған

«Jasyl Meken» акциясы аясында Алматыда 7 мыңдай ағаш отырғызылды (ФОТО)

Алматыда «Jasyl Meken» акциясы аясында 7 мың ағаш отырғызылды. Оған 120 мыңнан астам қала тұрғыны, «Nur Otan» партиясы өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысты. Ағаш отырғызудан бөлек акцияда көше, арық және аулалар тазартылды. Қоқысты шығару үшін 900 арнайы техника жұмылдырылған, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл акция қаланың барлық аудандарын қамтуда, қазіргі Майлин көшесінде, Түрксіб ауданында, Алатау ауданына қарасты Момышұлы көшесінде ағаштар егіліп жатыр, - дейді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Айдын ТЕМЕШОВ.



Шығыс айналма жолына 6 метрлік шырша егілді. Жалпы «Jasyl Meken» акциясы аясында Диваев көшесінен бастап Одессаға дейін шырша, емен, қайың, жөке, шаған секілді 600 ағаш отырғызылды.



«Бұл – халқымыздың дәстүріне айналған сенбілік. Қаланы тазалау, қаланы сәулеттендіру деген бәріміздің борышымыз деп түсінетін азаматтардың бәрі осы сенбілік басталғалы бері қатысуда, – дейді республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан ТОҚЫШЕВ.




Қаланы көгалдандыру және тазартуға жалпы 120 мыңнан астам адам қатысқан. Аталған шара күзде тағы жалғасады.



«Тал егу, қаланы тазалау және ұрпақ тәрбиелеу – біздің міндетіміз. – дейді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі  Бекнұр ҚИСЫҚОВ.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир