Өгей шеше қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған (ФОТО)

Өгей шеше қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған (ФОТО)
Түркістан облысындағы өгей қыздарын қорлаған әйел туралы тың деректер шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 жастағы жетісайлық әйелдің өгей қыздарын азаптау тәсілдерін дәптерге жазып отырғаны белгілі болды.

Дәл қазір үш жасөспірім ауруханада жатыр. Бір жарым жылдан бері қорлық көріп келе жатқан олар жағдайды толық айтуға да қорқады, деп жазады otyrar.kz.

Өгей шеше арнайы дәптерге қыздарды қалай азаптағанын жазып отырған. Ол қыздарды қысқыш, пышақ, оқтау, инемен қинаған. Сондай-ақ шайларына ыдыс жуатын гель қосып беріп, аяқтарын қайнап тұрған суға салған. «Әкелерің келгенде күліп тұрыңдар» деп қинағаны тағы бар.

Туыстарының айтуынша, қыздардың туған анасы бес жыл бұрын үйден кетіп қалған, содан бері балаларын бірде-бір рет іздеп келмепті. Отағасының екінші рет үйленгеніне  үш жыл болған.

Қыздар «әкеміз тағы да ауырып қалмаса екен» деп қорыққандықтан, азапқа төзіп жүріпті. Себебі әкелері ажырасқанда кезде инсульт алып, қатты ауырған екен. Сондай-ақөгей шеше қыздарды «түрмеге түссем де, қайтып келген соң кек аламын» деп қорқытады екен.

Өгей ананың не үшін мұндай қатігездікке барғаны жұмбақ болып тұр. Өзінің де 1 жас 7 айлық ұлы бар, екіншіміне жүкті екен. Өзі ана бола тұра, өгей қыздарына күн көрсетпеген оның бұл қылығын туыстары да түсіне алмай әлек. Әбден ашынған қыздардың туыстары түгел «өгей шеше қатаң жазасын алсын» деп отыр.

Полицияның хабарлауынша, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды.

Новости партнеров