Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аштан қатырып, тамақ сұраса шапалақпен ұрған

1tv.kz
1tv.kz
Астан шыққан айқай әлі басылмай тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аштан қатырып, тамақ сұраса шапалақпен ұрған. Бұл туралы ата-аналар шағымдануда, деп жазды 1tv.kz.

Алина Обайдуллина көрмегенім енді осы балабақша болсын деп отыр. Үш жасар ұлы «тәрбиеші шапалақпен салып жіберді» деп келгенде, «бала ғой, қосып айтқан шығар» деп сенбепті. Ал жақында келіншектің қолына таңғы ас кезіндегі бейнежазба түскен. Оны көріп, төбе шашы тік тұрыпты.

«Балалардың алдында ботқа деген атымен болған жоқ, тек нан мен май, сосын шай болды. Дереу түскі ас кезінде бардым, меңгерушімен сөйлестім. Түскі асқа не бересіздер деп едім, сорпа болады деді. Мен оған да күмәндандым. Ал, екінші ас болған жоқ. Себебін сұрағанда, бәрі ата-аналардың қарызына келіп тіреледі деп түсіндірді», - дейді балалардың анасы Алина Обайдуллина.

Астан шыққан айқай әлі басылмай тұр. Балабақша құрылтайшысы «мұның барлығы біздің мекемеге жабылған жала» деп отыр. Ас мәзірі талапқа сай жасалады деп сендірді.

«Бізде шамалы қателіктер болды. Себебі, бір ата-ана екінші тамақтану кезін ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген. Мен ата-аналар жала жауып тұр деп ойлаймын», - дейді балабақшаның құрылтайшысы Толқын Шектібаева.

Балабақша қожайыны қанша жерден ата-ана жала жапты дегенімен мемлекеттік тапсырысты орындап отырғаннан кейін «судың да сұрауы» бар. Қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мектепке дейінгі ұйымда тексерісті бастап кеткен.


Новости партнеров