Атышулы бұрынғы депутат өзінің жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты

QazBrand.info
QazBrand.info
Динагүл Тасова көптің сынына ұшырағанда әсіресе сүйіктісінен қолдау күткен едім дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атышулы экс-депутат Динагүл Тасова KAZ.NUR.KZ эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің бұрынғы сүйікті жайлы баяндап берді. Сәнгердің айтуынша, былтырғы жылы желтоқсан айында болған оқиғадан кейін, бес жыл жүрген сүйіктісі оны ұрып тастаған екен.

Динагүл Тасова көптің сынына ұшырағанда әсіресе сүйіктісінен қолдау күткен едім дейді.

«Подиумға ашық-шашық көйлекпен шыққаннан кейін елдің бәрі мені жаппай сынап жатты. Өкініштісі, маған қолдау көрсетіп, жанымнан табылады деген жігітім де, маған қол көтерді. Жай көтерген жоқ, ештеңе деместен соққының астына алып, ұра берді. Әрине қазірдің өзінде бұл оқиғаны қайта еске алғым келіп отырған жоқ. Алайда, осындай оқиға басымнан өткен соң, айтпасқа шара жоқ. Ер адамның әйел адамға қол көтеруін ешқашан кешірмеймін. Мен үшін одан асқан қорлық жоқ», - дейді ару.

Жастар мәслихатының экс-депутатының айтуынша, сол соққыдан кейін ол сүйіктісімен ажырасып кеткен екен.

«Ол маған барлық жағдайда да қолдау көрсететін. Сәнгер бол, деп қолдаған да өзі еді. Алайда мына қылығынан түк түсінбедім. Артынша тәнімдегі соққы іздерімен суретке түсіп, желіге жүктегенім де рас. Өзінің әрекетін көрсін, ұялсын деген ниетім болды. Қазір бойымда бір қорқыныш бар. Ер адамдарға сенуден қалғанмын», - дейді бойжеткен.


Новости партнеров