|
05.02.2020 | 10:40
1197

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті

Комитет өкілдері 20 адамның ведомстводан көмек сұрағанын айтты, олар бұрындары 444 434 мың теңгеге билет алған

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті


Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сотына Bek Air әуекомпаниясының үстіне компанияның қызметін пайдаланған тұтынушылар құқығы бұзылғаны туралы арыз берді.

Комитет арызында тұтынушылар құқығы бұзылғаны, өйткені Bek Air сатып алынған әуебилеттерінің және көрсетілмеген қызметтердің (әуекомпанияның ұшу рейстері тоқтатылды) қайтармай жатқаны айтылады.

Комитет өкілдері 20 адамның ведомстводан көмек сұрағанын айтты, олар бұрындары 444 434 мың теңгеге билет алған.

Осыған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ-та билет алып, оны пайдалана алмаған адамдар өз ақшаларын қайтара алмай жүргені айтылды. Сондай-ақ, әуекомпания билет ақысын қайтаратынын бірнеше рет мәлімдеген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир