«Әкем палауды өзі дайындайды»: Желіде Өзбекстан Президентінің ас әзірлеп тұрған суреті пайда болды
Қызының айтуынша, әкесі кейде отбасы үшін асты өзі дайындайтын көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өзбекстан Президентінің қызы Саида Мирзиеева Facebook желісіндегі парақшасында әкесінің ас әзірлеп жатқан суретін жариялады.
Қызының айтуынша, әкесі кейде отбасы үшін асты өзі дайындайтын көрінеді.
«Кейде әкем біздің отбасылық дастархан үшін палауды өзі әзірлейді. Ал біз оған көмектесеміз. Арафа күнімен құттықтаймын!» - деп жазған Мирзиеева.
Шавкат Мирзиеевтің екі қызы, бір ұлы, сонымен қатар 5 немересі бар.
Саида Мирзиеева – Өзбекстан президентінің үлкен қызы. Ол биылғы жылдың сәуір айында Өзбекстан президентінің әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінің басшысының орынбасары қызметіне келген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34