Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең төмен жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massagеt.kz-ке сілтеме жасап. Ұлттық статистика бюросының ресми берген жауабына сәйкес төмендегі мамандықтардың жалақысы төмен көрінеді.
Орташа есеппен ең төменгі жалақыны балық аулау және балық өсіру қызметін ұсынатын мамандар алады екен. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 134 621 теңге. Салыстырмалы түрде Қазақстандағы орташа айлық жалақы 382 279 теңгені құраса, ең жоғарғы орташа жалақы 1 317 158 теңгеге жеткен.
Тізімді жылжымайтын мүлікпен операциялар қызметін ұсынатын мамандар жалғайды. Олардың ай сайынғы орташа айлығы - 184 636 теңге. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл мамандар ай сайын 212 205 теңге алған екен.
Орташа айлығы ең төмен қызметкерлер тізімінде үшінші соңғы орнынды мұғалімдер алып тұр. Нақтырақ айтсақ, орташа есеппен айына 186 475 теңгені мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері және 242 813 теңгені 1 деңгейлі бастауыш білім беру мамандары алады екен. Қызметкерлер өткен жылғы дерек бойынша орташа 162 901 теңге және 226 500 теңге алыпты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызметкерлер 4-орынды иеленіп отыр. 190 317 теңге алатын сала мамандары бұған дейін 185 205 теңгені қанағат тұтқан.
5 және 6-орындарды өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылықта көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 211 761 теңге ( 2023 жылы 223 362 теңге) мен ветеринариялық қызметкерлер 214 335 теңге ( 2023 жылы 228 234 теңге) алған.
7-орында әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 228 050 теңге (2023 жылы 220 129 теңге) жалақы, 8-орында денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтерді ұсынатын қызметкерлер 229 664 теңге (2023 жылы 279 097 теңге), 9-орынды жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошта мамандары 233 086 теңге (2023 жылы 219 962 теңге) алып отыр.
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін ТОП-10 қызмет түрлері анықталды.
Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүгінде жастар 500 мың теңгеден төмен жалақыға жұмыс істегісі келмейтінін айтты.
Оқи отырыңыз:Жетісу облысының тұрғындары жолды жөндеуді талап етті