|
23.06.2024 | 10:00
1018

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстанда 23 маусымда Мемлекеттік қызметкер мен Полиция күні атап өтіледі

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады akorda.kz

Президент мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

- Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Қазақстан полициясын да төл мерекесімен құттықтады.

- Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!- деді Президент. 

Оқи отырыңыз: Алматыда 200-ден аса үздік тәртіп сақшысы марапатталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир