Еліміздің үш өңірінде жұмыртқа бағасын заңсыз көтерген

turkystan.kz
turkystan.kz
Жұмыртқа заңда белгіленген 15 пайыздық үстемеден артық сатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауда комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа бағасы өскенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин танымал және әлеуметтік өнімдерді сатудағы делдалдық схемаларға қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерін қарады.

Сауда комитеті шот-фактураларды талдай келе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа заңда белгіленген 15 пайыздық үстемеден артық сатылғанын анықтаған.

Атап айтқанда, "Курочка ряба" ЖШС көтерме сатушысы қазан-қарашада екі құс фабрикасынан 25 миллионнан аса бірінші санаттағы жұмыртқа сатып алған, оның 6 миллионы 25-тен 27 пайызға дейін үстеме бағамен сатылған. Өңірлерде анықталған деректер бойынша барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге берілген.

"Заңнама шеңберінде жұмыс істеу керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленген сауда үстемесінен аспау керек. Әкімдіктердің назарын тағы да сауда үстемесін бұзу тәжірибесінің жолын кесу қажеттігіне аударамын", - деді Серік Жұманғарин.

Новости партнеров