Кентау тұрғынынан екі шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді

polisia.kz
polisia.kz
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты. Заттай дәлел ретінде алынған екі шолақ мылтық пен бір дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. 

Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Новости партнеров