|
14.02.2019 | 10:11
1554

Полицейлер төбелесіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр

Бейнежазбада жол полицейлерінің өзара шеткері шығып төбелесіп жатқаны көрініп тұр

ҚР Ішкі істер министрлігі желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Tengrinews.kz ведосмтвоның ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты.

Бейнежазбада жол полицейлерінің өзара шеткері шығып төбелесіп жатқаны көрініп тұр. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада екі жол полицейі қарым-қатынастарын төбелес арқылы шешкен. Дәл сол уақытта олардың маңындағы әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.

Видеода былапыт сөздер бар! Алмас Сәдубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын жат қылықтың дұрыс емес екенін айтты.

«Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз», - деді ведомствоның ресми өкілі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир