Текеліде дәмханаға атпен баса-көктеп кіріп келген жігіт қамауға алынды
Sputnik
Жұртты шошытқан тұрғын тиісті жазасын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тосын жағдай кешкі уақытта кафедегі қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болған, деп хабарлайды Sputnik КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ондағылар атты көріп шошып кеткен екен. Кейбіреулер дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді.
Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жұртты шошытқан ер адам қазір өз әрекеті үшін қамауда отыр.
"Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39