Алматы облысында мал ұрлап жүрген барымташы ұсталды
7-su.kz
Ол осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында былтырдан бері мал ұрлап жүрген барымташы қолға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Барымташы Талдықорған маңында ұсталды.
«Он дерекке қатысты бар делінген Қаратал ауданының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Барлық ұрлау дерегі Ескелді ауданында тіркелген. Онда өткен жылдың күзінен бастап жергілікті тұрғындардың малы ұрланып келген», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған барымташы бұған дейін 10 рет ұрлық жасағаны дәлелденді. Бірақ ол осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34