Елордада есірткі саудасына қатысы бар полиция қызметкерлері сотталды, деп хабаралйды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«2018 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті героин өткізуге және лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалануға қатысы бар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантуриннің және ПД Тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты М. Әзімханның заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті», - делінген хабарламада.
2019 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 10 және 8 жылға сотталды.
Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа түзеу колонияларында өтейді.