Қостанайда күшікті талап өлтірген 2 алабайдың қожайындары табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайда күшікті талап өлтірген 2 алабайдың қожайындары табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оларға «Адамдардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін иттер мен мысықтарды ұстау және жүру ережелерін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК (50 500) көлемінде айыппұл салынды.
«Қожайындардың айтуынша, дәл сол күні иттерді ұстау мүмкін болмаған. Бірақ кінәсін мойындады», - дейді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, 22 қаңтар күні Қостанай тұрғыны жергілікті полицияға күшігін 2 алабайдың талап өлтіргенін айтып, арыз жазған.
Дереккөз: sn.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41