|
22.04.2019 | 10:17
2602

Қазақстандықтар «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекасы бойынша 200 млрд теңге сұраған

Өткен аптада бір жұмыс күнінде 1,7 млрд теңге берілген

Қазақстандықтар «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекасы бойынша  200 млрд теңге сұраған

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша қабылданған өтінімдердің сомасы 200 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Мақұлданған қарыздар сомасы 115 млрд. теңгеге жақындады.

Сәуірдің ортасында еліміздің банктері ипотекалық несиелерді мақұлдаған. Өткен аптада 8,3 млрд теңге  қарыздар мақұлданды, демек бір жұмыс күнінде 1,7 млрд теңге берілді деуге болады.  Оның ішінде, 5,2 млрд теңге – Баспана Хит бойынша, 3,1 млрд теңге – «7-20-25» бойынша мақұлданды. Ипотекалық кредит берудегі негізгі жұмысты ЦентрКредит банкі, Сбербанк пен Халық банк атқарған.

«Баспана Хит» бағдарламасының жетістігі қолданыста болған үйлердің көптігі мен бағдарламаның өте жеңіл талаптарына байланысты деп ойлаймын. Бұл ретте бастапқы жаңа тұрғын үй бойынша да құрылыс секторы тарапынан жағымды хабарлар түсуде. Құрылыс салушылар ірі қалаларда да, өңірлерде де тұрғын үй құрылысының белсенді кезеңіне өтті. Бұл жақын арада «7-20-25» бағдарламасы үшін тұрғын үйдің жеткілікті санын қамтамасыз ететін болады», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.  

Қазіргі кезде «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған кредиттер сомасы 85 млрд теңгеге жақындап келеді. Ал «Баспана Хит» өз кезегінде аз уақыттың ішінде 30 млрд теңге межесінен асып түсті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир