Жас журналистерді қолдау және олардың қызметін ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тақырыптармен айналысатын БАҚ-тың жұмысы аясында белгілі қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» журналистикалық сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Жігер» сыйлығының Мерей Шохманова («Хабар 24» ТК, «әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжеті» аталымында),
Азамат Қасым («Egemen Qazaqstan» газеті, «әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала»),
Ақжелең Рахатдинқызы («Алматы» ТК, «әлеуметтік тақырыпта ең үздік жарияланым» (әлеуметтік желіде),
Ольга Бугаева, (АА «Pavlodarnews.kz», «әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет» аталымында) алғашқы иегерлері атанды.