|
10.11.2022 | 10:20
2206

Жетісу ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

Жетісу ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды ашық дереккөзден

Жетісу ауданындағы 2 балабақшаға орын тапшылығын қысқарту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында 440 орындық 2 балабақшаның құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары жүргізілуде. «Айнабұлақ-4» шағынауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысы келесі жылдың маусым айында аяқталады. Осы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта 280 орындық балабақшаны күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау желтоқсанда аяқталып, құрылысы 2023 жылдың I тоқсанында басталады. Бұл мектепке дейінгі мекемеге Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінде тұратын балалар бара алады», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир