|
18.07.2020 | 10:25
1410

Алматылықтар қалада коронавирустың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ойын бөлісті

Ақпараттық түсіндіру шаралары күшейтілген

Алматылықтар қалада коронавирустың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ойын бөлісті almaty.gov.kz

Алматы қаласының аумағында қала әкімшілігімен коронавирус инфекциясының одан ары таралуын болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндіру шаралары күшейтілген деп хабарлайды  Almaty.tv.

Қала аумағында металл тіректерге ақпараттық баннерлер, жапсырмалар, маңдайша жазулар орнатылған. Қаланы безендірудің барлық құралдары: билбордтар, LED-экрандар, ақпараттық қалқандар, жерасты және жерүсті өту жолдары кірістірілген (қолданылған).

- 510 жарнамалық билбордтар (қалада барлығы 1180);

50 медиабордтар (қалада барлығы 50);

- жаяу жүргіншілер көпірлерінде 50 баннер (қалада барлығы 40);

6 LED экран (қалада барлығы 6);

КВИ-дің таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік қашықтық сақтау және маска режимі туралы ақпараттық плакаттарды орналастыру жұмыстары мегаполистің барлық 8 ауданында (саябақтар, скверлер, серуендеу аймақтары, базарлар, ХҚКО, ЕДБ, дүкендер және т.б.)жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 36 325 бірлік ақпараттық материалдар: баннерлер, плакаттар, постерлер орнатылған. Сонымен бірге, жаяу жүру аймақтарында тротуарлар бойына және адамдар көп жиналатын орындарға «Бетперде тағыңыз – носите маску» деген мәтінмен 450 жазу – трафареттік бояулар қойылған (орнатылған).

Аудандық әкімдіктердің волонтерлары және мобильді топтар қала тұрғындары арасында санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі бойынша 23 155 ақпараттық кітапшалар (брошюралар) таратты.

Қала тұрғындары өз кезегінде, халықтың карантин шараларын сақтау мәселелері туралы жеке пікірлерімен бөлісті.

«Тақтайшаларды орнату әрине керек-ақ. Тіпті өте жақсы. Осындай плакаттар көбірек болса, маскалар бізге көп көмектесуде, әйтпесе бүкіл Алматы жұқтырған болар ма еді. Егер бәрі маска киіп жүргенде бәрі жақсы болар еді», –деп өз ойымен Бостандық ауданының Алефтина есімді тұрғыны бөлісті.

Бостандық ауданына қонаққа келген Айгүл ақпараттық тақтайшалар халықты тәртіпке шақырады деп санайды.

«Мен масканы оның пайдасын түсінгеннен кейін киемін. Меніңше, есіктердегі, терезелер, сөрелердегі осындай ақпараттық тақтайшалар өте пайдалы. Себебі олар тәртіпке шақырады. Кейде масканы автоматты түрде шешіп тастайтын кез болады, бірақ осындай тақтайшаларды көргенде маска тағу қажеттігін есіңе аласың. Сол үшін мынандай үлкен қылып, қызыл түсті етіп көзге көрінетіндей жасау керек».

Жастар өкілінен жиырма жастағы Анастасия көзге көрінетін өнімдер жеке бастың саулығы мен жақындарыңның денсаулығын қорғаудың маңыздылығын еске салады деп санайды.

«Бүкіл қала бойынша коронавирус жайлы еске салатын плакаттар ілінген. Олар бізге өзіміздің және жастары үлкен туысқандарымыздың денсаулығын қорғауымыз керектігін еске салады», – деді Анастасия.

Сонымен бірге, адамдардың жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала әкімшілігімен әлеуметтік қашықтық сақтаудың белгілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Тұңғыш Президент атындағы саябақтың аумағында саябаққа келіп демалушылар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін көк шалғында дөңгелектер белгілер сызылған.

Саябаққа қыдырып келген Галина отбасымен саябақта демалыс ұйымдастырып, дем алуға келгендерін айтты. Арнайы шеңберлерді көрген олар өз орындарын алды.

«Адамдардың қашықтық сақтауы үшін. Біздің санитарлық талаптарға үйренуіміз үшін. Себебі оларды сақтамасақ, оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсіну керек. Бұл адамдардың келіп, өздеріне көлеңкелі жерден ыңғайлы орын алулары үшін өте ыңғайлы», – деді қала тұрғыны Галина.

Демалушылар үшін тек әлеуметтік қашықтық сақтау жағдайын ғана жасап қоймай, коронавирус белгілері жайлы жадынамалар ұстатылып, әрқайсысына маска таратылды.

Қоғамдық көліктерде де маска режимін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінгенін еске саламыз. Автобус жолаушысы Бектұр осы тақырыпқа қатысты өз пікірімен бөлісті.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маска кию маңызды деп санаймын, себебі автобустарға адамдар көп жиналады және олар жабық орын. Адамдар ағыны да көп, біреу кіреді, біреуі түседі. Маска тағуды мен міндет деп санаймын», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир