Алматы қаласы Наурызбай аудандық ПБ-ның кезекші бөлімінде қызмет ететін Асылбек Боқашов жұмысының жауапкершілігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күн сайын ішкі істер органының кезекші бөлімшесіне қылмыс, адам іздеу және басқа да құқық бұзушылық туралы жүздеген хабарлама келіп түседі. Ақпарат әртүрлі байланыс арнасы арқылы, көбінесе полицияға арызымен жүгінетін тұрғындардан түседі.
Бұл хабарламалар әртүрлі, олар ауыр қылмыстан бастап ағашқа өрмелеген мысыққа дейін. Өрт, ұрлық, тонау, отбасылық жанжал, бұзақылық – бұл фрагмент кез келген кезекші бөлімшесінің және кез келген жедел кезекшінің ауысымын құрайды.
Алматы қалалық ПД хабарлауынша Асылбек Боқашовтың кезекші бөлімде жұмыс істегеніне 5 жылдан асқан. Кезекшінің барлығына жауап беріп, ресми құжаттама толтырып үлгеруі керек, ондаған қоңырау шалушыға жедел топ оқиға орнына қашан жететінін, жасақты күтіп тұрғанда не істеу керектігін шыдамдылықпен түсіндіруі қажет.
«Уақыт өте санаулы болатын жағдай болады, оқиғаның нәтижесі мен бүкіл бөлімше жұмысының нәтижесі соған байланысты болатын жалғыз дұрыс шешімді кезекші қабылдауы керек», - дейді Асылбек.
Әскери борышын өтегеннен кейін Асылбек Боқашов 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Содан бері ол, Наурызбай аудандық ПБ-ның кезекші бөлімінде қызмет етіп келеді.
«Кезекшінің жұмысы – адамның мінезіне, өмірлік ұстанымына із қалдыратын жауапты да салмақты жұмыс. Өзгенің мәселесіне немқұрайлы қарамау, кез келген уақытта қол ұшын беруге дайын болу – кезекші бөлімшенің қызметкеріне тән қасиет», – деді аға лейтенант Боқашов.