Биыл 747 орындық жаңа 13 балабақша ашылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2022 жылы 400 орындық 2 жеке меншік балабақшаны коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілді. Оның бірі «Ақмарал» балабақшасы (120 орын) осы қараша айынан бері жұмыс істеуде. Екінші «Әйгерім» балабақшасы (280 орын) күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде, жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады. Сонымен қатар №112 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге сараптаманың қорындысы бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың І тоқсанында басталады», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.